Ақын. Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында Тұлба көлінің жағасында дүниеге келген. Алматыдағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетін бітірген /1954 ж./. Моңғолия қазақ баспасында корректор, орта мектепте мұғалім, директор, аймақтық оқу білімінің бастығы, «Жаңа өмір» газетінің бас редакторы ғылыми қызметкер сияқты жұмыстар атқарған. «Тақпақтар» «Ертіс шындығы», «Өлеңдер мен әңгімелер», «Біздің өлкеде», «Меңдікөл», «Өмір сызған өрнектер», кітаптары қазақ тілінде, «Меңдісұлу» (Мэнгэт гоо), «Адам туралы аңыз» (Ээвийн голын дуулал) кітаптары моңғол тілінде жарық көріп, бірқатар шығармалары орыс, украин, болгар, тува, алтай тілдеріне аударылған. «Талаптылар», «Ертіс жырлары», «Бірлестікшілер», «Сандуғаш» пьесаларының авторы. Моңғолия Жазушылар одағы сыйлығының иегері /1979 ж./. Моңғолияның «Еңбек Қызыл ту», Алтын Жұлдыз ордендерімен, көптеген медельдармен марапатталған. Қазақстанға қоныс аударған /1992 ж./. Д. Намдаг «Цаг төрийн үймээн» романын қазақ тіліне аударған.
Шығармашылығы:
Арғынбайдың көптеген өлең жинақтары, драм. шығармалары, аудармалары, кино-сценарийлері жарық көрген. “Біздің өлкеде”, “Мендікөл”, ”Адай туралы аңыз”, “Тақпақтар” т. б. өлеңдер жинағы, “Бірлестіктер”, “Сандыуғаш”, “Ертіс шындығы” пьесалары, “Шайқас алдында”, “Домбыра сазы” атты киносценарийлері бар. Арғынбай моңғол әдебиеттінің классиктері Д.Намдаг, Л.Түдэв шығармаларын ана тіліне аударды. Ақынның өзінің шығармалары моңғол, орыс, алтай тілдеріне аударылған. Баян-Өлгий аймағындағы ұлттық мектептерге арнаған ондаған оқулықтардың авторы болған. Арғынбай “Оқу-ағарту ісінің үздік қызметкері” және «Еңбек Кызыл Ту», «Алтын жұлдыз» орденімен, Моңғолия Жазушылар одағының сыйлығымен /1978 ж./ марапатталған.