2021 жылдың қыркүйек айында Тұлба көл шайқасы жеңісінің 100 жылдығы белгіленіп өткізілген болатын. Моңғол Мемлекеті тарихында “Тұлба көл шайқасы” деген атпен әйгіленген, Ресейдің ақпатша армиясының қашқын тонаушыларына қарсы Моңғолия мен Кеңестер өкіметі партизандарының Тұлбадағы 42 тәулік бойы ерлік шайқасының жеңісі 1921 жылғы Халық Революция жеңісін батыс өлкеде бекемдеген тарихи маңызды оқиға болып табылады.
1921 жылдың басында Моңғолия жері Кеңес елінің шығыс Сибир өлкесінен қуылған Кольчак армиясының қашқын әскери топтары иелігінде болған-ды. 1920 жылы қазан айында барон Унгерннің басқарған “Азияның атты әскер двизиясы” атты әскери тобы құрамында Буриадмоңғолдарының және Татарлар мен Аннанковтықтар дейтін үш бөлім батареясының біріккен 800-ден аса ақ гвардияшылар Моңғолияның солтүстік шығысынан кіріп келіп, Да Хүрээден Қытайлықтарды қуып шығып, орталық өлкені иеленіп алады. Унгерн “Моңғолия елінің автономиялық өкіметін қайта орнатып, Богданы хан тағына отырғызам” деген үгіт таратып, сол кезеңдегі Моңғолиялықтардың арман-тілегі мен діни наным-сенімін пайдалану арқылы елдің арқа сүйер азаматтарын түгелдей өзіне сендіріп үлгіреді.
Сонымен, сол жылдың ақпан айының 4 жаңасында Хүрээге келіп орналасса, ақпанның 21-інде Богд хан тағына отырғызып, бес министрліктен құралған өкімет жерін орнатады да, негізгі билікті өзінің қолында ұстайды. Дәл осы кезеңде Моңғолияның батыс өлкесінде ақтың қашқын топтарының иелігінде болатын-ды. Тагна Урианхайлар өлкесінен қуылған Казанцев Улаангомға келіп орнықса, Таулы Алтайдан есауыл Кайгородов 700-ден аса әскерімен Улиастайда, Енисейдегі қазақ әскери отрядының атаманы Казагранд 500 әскерімен келіп Қобдаға орнығып, жергілікті билік иелерін өзіне сендіріп, бағындырып, халықтан ат-көлік, малмүлікті күштеп тартып алу арқылы өздерінің күш қуатын толықтырумен қабат Қобдадағы Ресей консулының жерін өздерінің түпкілікті орын жайына айналдырып алады.
Олар Хүрээдегі барон Унгерн және Қытайдың Шыңжан-Уйгар өлкесінің Алтай аймағы Сарсүмбедегі генерал Бакичтермен тура байланыса отырып, келешекте Моңғолияда біріккен күшпен Жаңа орнаған Кеңестер еліне шабуылдайтын тұрақты орын болдыруды жоспарлаған. 1921 жылы маусым айының соңына ала Моңғолияның азаттық әскери отряды Кеңестер елінің Қызыл Армия әскерлерінің тікелей көмегімен орталық Моңғолия жеріндегі ақтың қашқын-басқыншыларына қарсы әскери шабуылын бастап, шілденің 8-күні Халықтық Уақытша Өкімет орны мен Моңғол Халық Партиясының Орталық Комитет мүшелері әскери отрядпен бірге Хүрээге келіп орналасып, сол күні Бодоо, Сүхбаатар, Данзан үшеуі Богда ханға барып сәлемдесумен қабат келісім жасап, 1921 жылы шілденің 11-і күні Богда ханды Хүрээдегі орталық хан сарайдағы хан тағына ресми түрде отырғызып, шекті ерікті болдырып, Моңғолияда Халықтық Өкімет жері орнағандығын мәлімдейді.
Бірақ, Моңғолияның негізгі орталық өлкесі азат етілгенімен Унгерн тобынан толық тазартыла қоймаған-ды. Шілденің 20-сынан бастап Унгерннің артынан түсіп, шабуылдау нәтижесінде 21-тамыз күні Унгерн қолға түсіп, Қызыл Армия біліміне өткізіледі де, 7-қыркүйекте әскери жоғарғы сот шешімімен басы алынады. Ал, Шығыс өлкедегі ақтар тобын Хатанбаатар Магсаржав пен Бумцэнднің басқарған әскерлері біріккен күшпен шығыс өлкеден қуып тазалайды. Осыдан кейін 38 ШҰҒЫЛА Магсаржавты әскери министрліктің батыс өлкені жауаптанған орынбасар және төтенше өкіліне тағайындап, батыс өлкені ақтардан тазартуды тапсырады. Бұл кезеңде батыс өлке Дөрвөд Далайхан аймағы, Ховд аймағы және Алтай Урианхайларының 7 хошууны, Қазақтардың 2 хошууны орналасқан Моңғолияның үлкен өлкелерінің бірі болатын-ды.
Моңғол Халық Партиясы мен Халықтың Уақытша өкіметінің 1920 жылы 31-наурыз күнгі біріккен жиналысынан Д.Сүхбаатардың пікірі бойынша: «Моңғолияның батыс өлкесіндегі Алтай Урианхайлар хошууны мен Қобда, Улаангом қатарлы жерлердегі Моңғолиялықтарға партия саясатын үгіттеп таныстыру арқылы жергілікті жерден әскер ілестіріп, сол өлкеде орын тепкен ақтың басқыншыларынан тазалап, революциялық іс-қызметтерді тура басқарып жүргізетін және жергілікті басшылықпен келісе отырып, әскер ілестіруді жауаптанған басшы және партиялық үгіт насихат жауаптанған аса ерікті өкіл тағайындап жіберу дұрыс…» деген шешім қабылданады. Осы шешім бойынша «Батыс өлкені жалғастыру өкілдігіне Ц.Хасбаатар, Ц.Дамбадорж, Полянский, Өлзийхандларды жүргізуге келіседі. Осыған орай Моңғол Халық Партиясының Орталық Комитеті мен Халықтың уақытша өкімет жерінен 1920 жылы наурыздың 16-сы күні Советтік Ресей өкіметіне жолдаған тілегі бойынша Совет өкіметінің Иркутскдегі V армиясынан “Сапарлап жүріп соғысатын” К.К.Байкалов басқарған 22-жеке отряд әскерін жіберетін шешім қабылданады.
Осы шешім туралы К.К.Байкалов «Воспоминания» атты естелік кітабында: “V армия басшылығы мен Коммунистік (большевик) партиясының Сибирлік бюросы және Коминтерннің қиыр шығыстық хатшылар бөлімінен Қобдаға баратын әскер отряд басшысына мені, маған көмекші және саяси орынбасарға партияның аға мүшесі, аса ержүрек Широких Полянскийді тағайындаған еді. Моңғолияға жіберілетін әскери отряд Иркутскде құрылды. Құрамына партия және жастардан таңдалған батыр да қайратты 80 азамат кіргізілген-ді. Оларға қосып, өзіме таныс таңдаулы мүше – партизандардан 20 азаматты қосып алдым. Осылай біз жолға шықтық. Жаңа ғана құрылған МХП-сы мен Халықтық Уақытша өкімет орнының толық құқықты өкілдері де бізбен бірге жүрді. Олардың құрамында Ц.Хасбаатар, Ц.Дамбадорж, Нацов қатарлы жолдастар кіріскен еді…” деп еске алады.
Осылайша ұйымдастырылған Моңғолия мен Советтің Біріккен әскери өкілдері 20-ға жуық зеңбірек, 300-дей әскерімен бірге Хиагт қаласынан шығып, Ресей жерімен жүріп, Иркутск, Ново-Николаевск, Барнаул, Бийск қалаларын басып өтіп, Катун-Чуй жолымен Моңғолияның Солтүстік батыс шекарасына жақын орналасқан Советтік Россияның шекаралық қалашығы – Қош-Ағашқа жетеді. Қош-Ағаш Алтай өлкесі таулы 39 ШҰҒЫЛА Алтай автономиялық ауданына қарасты шекаралық районының орталығы, Моңғолия мен Ресей елдерінің шекаралық қатынасында ерте кездерден арылы-берілі басып өтетін географиялық және саудаэкономикалық аса маңызды орын жай, Ресейдің Барнаул, Бийск қалаларын Моңғолияның Қобда қаласымен жалғастырған телефон желісі қатынасын қосқан аса тығыз түйіліс орны болған-ды.
Әскери өкілдер жергілікті район басшылары және шекарашылардың көмегімен Дөрбед Далайхан аймағына қарасты шекара сақшылары зәңгі Тамбан, халан Дугарлармен танысып, солардың көмегімен Моңғолия жеріне өтіп, шекараға жақын Хатуу өзені жағасындағы Дугар зәңгінің үйінің жанына үйлерін тігеді. Сөйтіп, Моңғолияның Батыс өлкесінде алғашқы революциялық ісқызмет басқарып жүргізетін орталық штаб осылай құрылады. Өкілдер МХП-сы мен Халықтың Уақытша өкімет орнынан жолдаған «Ресми тапсырма – хат»-ын Дөрбет Далайхан аймағының бастығына қолма-қол табыстап, одан ыңғайлы жауап алған соң жастардан әскерге ілестіру шаруаларын жедел ұйымдастырады. Осы шаруаларға Тогтох, Хөх, Гомбо, Мятав, Жамхүү, Аюуш, Равдан, Шагдар қатарлы жергілікті дөрбет азаматтар алғашқы күндерден-ақ белсенді араласып, аса көп көмек көрсетеді, өздері де алғашқы партизан әскері қатарына ілеседі. Сол күндерден бастап батыс өлкедегі әскери халық жасағы құрылып, кешікпей-ақ Моңғол-Совет әскерлері құрамы 450-ге жетеді.
Мамыр айының 14-і күні ақтың әскерлеріне алғашқы шабуылын бастап, Улаанбайшинт бағытындағы Кайгородов әскери отрядына кенеттен шабуыл жасауы нәтижесінде ақтардың осындағы бөлімшесін талқандауы МоңғолСовет әскерлерінің алғашқы жеңісі болған-ды. Өкілдер өздерінің ісқызметін ұлғайту мақсатымен шілденің 26-27-сі күндері Дөрвөд екі аймақтың басшы-билеуші топтарын қатыстырған кеңес ұйымдастырып, осы кеңестен “Батыс өлкедегі Моңғол Халық Партия Комитеті” және “Батыс өлкені жалғастырушы”, ”Халықтық Уақытша Өкімет орнын” орнатып, барлығына басшылық жүргізетін кеңес бастығына Дөрвет Далайхан аймақ уәлиі Түмэндэлгэржавты, әскери қолбасшыға Ц.Хасбаатарды бекіттіреді. Осы жағдайларды естіген қазақтардың Шеруші хошун билеушісі С.Дөрбетхан мен АлтайУрианхай хошун билеушісі Бадрах екеуі Ц.Хасбаатар мен Байкаловқа барып танысып, ақтарға қарсы көмек жасауға келісіп қайтады. Қазақтардың Шеруші хошуун жері Ресейдің таулы Алтай автономиялық облысының Қос-Ағаш районымен шекаралас, онда да қазақтар мекендейтіндіктен екі жақтың халқы ерте заманнан әр жақты көршілік қарым-қатынаста болып келген.
Сондықтан да хошун билеушілері де Қос-Ағаштың басшылары және шекара қызметкерлерімен тұрақты қатынаста болып. Ресей елінде болып жатқан саяси өзгерістерден де толық хабар алып отырған. 40 ШҰҒЫЛА С.Дөрбетхан өзі де озық ойлы, зеректігімен Совет өкіметі, оның саясатын да толық түсініп, оны қолдайтын азамат болған. Сондығынан да Ц.Хасбаатар, Байкаловтармен байланысып, елін ақтың басқыншыларынан қорғауға көмек алуға уәделескен. 1921 жылдың тамыз айының басында Қытай елінің ШинжанУйгар өлкесі, Алтай аймағы Сарсүмбеден генерал Бакичтің әскери тобы Моңғолияның батыс оңтүстігінен кіріп келіп, шекараға жақын Дайын өлкесінде мекендейтін елдің басшыларын қорқытып, өзіне бағындыру арқылы халықтан аткөлік, мал, дүниелікті күшпен тартып алып, халықты тонай бастайды.
Бірақ, Дөрбетхан оларға берілмей қарсы болып, ақтардың қаупі күшейгендіктен осы жағдайды Ц.Хасбаатар, К.К.Байкаловтарға хабарлап, көмек тілеген хат жазып, көмекшілері К.Шәңкішбай мен М.Шалғынбайды жібереді. К.Шәңкішбай мен М.Шалғынбай Дөрбетханның хатын апарып, жағдайды таныстырған соң екеуі партизан отрядына әскер болып ілеседі. Дөрбетхан өзіне бағынбай, қызылдармен байланысты екеніне көзі жеткен генерал Бакич әскери топ жіберіп, С.Дөрбетхан, інісі С.Дәлелхан, ағасы Мұқаларды ұстап тұтқындап, сол маңдағы ауылдардың мал-мүлкін тонап, ойран-топыр болдырады. Бұл жағдайларды тағы да Ц.Хасбаатар, К.К.Байкаловтарға хабарлауға Т.Дәуітбай, С.Құспан, Ыдырыш қатарлы 5-6 азаматтар тағы да партизандарға келіп қосылады. Моңғол, Советтің біріккен әскери тобы шілде айы бойы осы өлкедегі ақтың әскери топтарымен шайқасып, Моргоцог хүрээсі, Усан холой қатарлы елді мекендерді ақтардан азат етеді. Біріккен партизандар отряды жаз бойы ақтардың әр жердегі топтарымен бетпе-бет шайқастарда болып, олардың әскери тобын біршама шығынға ұшыратса да толық жоя алмай, ақыры Дөрбет Далайхан хүрээсі ақтардың қолында қалады.
Шекара маңында орналасқан ақтың әскери тобы біршама адамынан айырылып, соққыға ұшыраған соң Қобдаға қарай шегініп, алды Сагсай хүрээсіне барғанда партизан отряды олардың артынан қуалай соғыса жүріп, тамыз айының басында Тұлба көліне жақын орналасқан Алтай-Урианхайларының Саруул гүн хүрээсіне жетеді. Саруул гүн хүрээсі Тұлба көлінен 5-6 км қашықтықта, Цастхайрхан тауының батыс жақ бауырайындағы Бурат кішкентай өзенінің жағалауы, жан-жағы кішігірім төбелермен қоршалған, кішкене ғана алаңқы жерде орналасқан.Хүрээ небары 200 кв/м-дей алаңқыны қоршаған балшық дуал ортасында шошақ төбелі пұтханасы орналасқан, дуалдың айналасында 20 шақты киіз үйде 120-ға жуық ламалар тұратын, жалғыз құдығы бар елді мекен болған.
Хүрээдегі үйлерді ашып тексергенде Саруул гүн Гомбожав басты ламаларымен бірге қашып шығып, ақтармен ымыраласқан, Хүрээде бірнеше кедей лама және ақтардың әскерінің киім-кешек дүниесі, оқ-дәрі ғана қалғаны анықталады. Әскери отряд Хүрээге орналасқан 41 ШҰҒЫЛА соң бірер күн тынығуға бел байлап жайланған үшінші тәулікте қыркүйек айының 10-ы күнгі таңертең Кайгородов пен Казанцевтің басқарған ақтың әскері біріккен күшпен Хүрээні жан-жағынан қоршап, қамап алғаны белгілі болады. Жаудың қоршауына түскені белгілі болғандықтан Ц.Хасбаатар мен К.К.Байкалов командалық басшылар құрамын ақылдаса отырып, ақтың әскерлерінің шабуылына қарсы әскерлерін төрт бағытқа бөліп, әр бағытқа ауыр пулёмет екіден, жеңіл қол пулёмет төрттен беріп орналастырады да, айнала жертөле қаздырып, қалқалағыш орнаттырып, әр бағытты телефон жібімен қосып, қорғанысқа мықтап дайындалады.
Қыркүйектің 10-ы күні генерал Бакичтің басқарған әскері келіп қосылып, ақтар жағы 8-10 пулёметпен жабдықталған 4000-нан аса әскермен қоршауға алады. Осындай мол қарулы күшпен қоршап алған ақтар тағы қыркүйектің 12-күнінен бастап Хүрээні айналасындағы төбелерден пулемётпен атқылап, уралап айқайлаған мол әскерлер тобы Хүрээге шабуылдап кіріп келгенде алдынан қол гранат лақтарап, пулемётпен атқылау арқылы шайқаста Моңғол, Совет жауынгерлері басымдылық көрсету нәтижесінде ақтар жағын Хүрээден қуып шығады. Осы алғашқы жеңісі жауынгерлерді ерекше жүректендіре түседі. Қыркүйектің 22-түнгі кешінде генерал Бакичтердің қол таңбасы басылған талап хаты келеді.
Ц.Хасбаатар, К.К.Байкаловтар командирлермен ақылдаса отырып, талап хаттың жауабы болғызып: «Сендер Отансыз, сүйенер жақтаушысыз, қашқындарсыңдар, керісінше өздерің алыстан қоршауда қалғандарыңды түсініп, түсіп берулерің керек!» -деген жауап хат беріп қайтарады. Жауап хатқа шамданып өшіккен ақтар жағы сол сәтте-ақ жедел қозғалып, мол әскери күшпен Хүрээге шабуылдап кіріп келеді. Шайқас майданы түн бойы жалғасып, осы ауыр да қатерлі шайқасқа айналса да Моңғол, Совет жауынгерлері аса ерлікпен қарсылық жасап, жау жағына басымдық көрсетуі нәтижесінде аса көп шығындалған жау жағы амалсыздан шегініп, әскерлері бытырап, сасқалақтап Хүрээден қашып шығып үлгереді. Осы реткі шайқаста ақтар жағы 500-дей әскері өліп, мол мөлшерде мылтық, оқ-саймандарын тастап қашып шыққан, ал Моңғол – Совет жауынгерлерінен 100-дей әскері шығындалып, Никитин оққа ұшса, Дамбадорж ауыр жараланады. Түнгі аласапыран шайқас кезінде Ц.Хасбаатар сырттан көмек әкелу мақсатында оншақты әскерін ертіп қоршаудан шығып кетсе де ақтың әскерлерінің қолына түсіп, солардың қолында мерт болады.
Бұл реткі шайқас аса ауырда қауіпті болып өткенімен Моңғол, Советтің біріккен жауынгерлерінің қайтпас ерлікпен жауға аса ауыр соққы беріп, бетін қайтарғаны өздерін жігерлендіріп, біршама тәжрибе жинақтауына үлкен әсерін тигізеді. Жауынгерлер жау жағының әдіс- 42 ШҰҒЫЛА айла, айбын көрсетіп, қайталап шабуылдағанына қарсы тойтарыс берумен 20-дан аса тәулік өткеннен кейін жағдайдың барған сайын ауырлайтынын бағдарлаған Ц.Дамбадорж мен К.К.Байкалов жолдастарымен ақылдаса келе сырттан көмек әкелу дұрыс деп шешіп, Моңғол тілін және жол білетін Т.Дәуітбайға 4-5 орыс әскер ертіп, Қобда бағытындағы әскер басшысы Хатанбаатар Магсаржавтан көмек тілеген хат беріп жібереді. Бірақ Магсаржавтан көмек, хабар келмей, жағдай ауырлай түскен соң енді ҚошАғаштағы Қызыл армия бөлімшесіне орыс тілді және сол жақпен таныс К.Шәңкішбай мен М.Шалғынбай екеуін жібереді.
Осы оқиға туралы Моңғол Халық Партия тарихының I томы, 182 – бетінде: «Ц.Дамбадорж, К.К.Байкаловтар Қош-Ағаштағы Советтік Қызыл армия бөлімшесінен көмек тілеп жауынгер Шалғынбай, Шәңкішбайларды жіберіп, олар жергілікті тұрғындардың жәрдемімен шекаралас Совет армиясының бөлімшесіне хабар жеткізумен қоршаудың 42-тәулігінде Қызыл армияның 21-двизиясының 185 полк, 59 атты әскер полктері келіп, Саруул гүн хүрээсін ақтардан босатқан…» деп жазылған.
Ақтар Моңғол, Совет жауынгерлерін қару жарағы молдығымен жеңіп қолға түсіре алмаған соң тамақсыз аштықпен қаратып алмақ шешімге келеді екен. Қоршауда қалған жауынгерлердің жағдайы күн өткен сайын ауырлап, ішіп-жемдері таусылғандықтан сол маңда өлген мал, иттің жемтігін жинап әкеліп тамақтанады, ақыры олда таусылған соң ер-тұрман, жүген, шылбырдың қайысын қайнатып, сонымен өзек жалғайды. Жағдай осылай барған сайын ауырлап, енді одан ары қарай төзетін мүмкіндік қалмағандықтан командалық құрам жауынгерлермен ашық ақылдаса келе не де болса қоршаудың 42 тәулігінде таңға қарай кенеттен шабуылдап, қоршауды бұзып шығуға бел байлап, жауынгерлерін жан-жақты әзірленіп жатқанда сол медетте батыс жақтағы төбелердің сыртында мылтық атылған дауыс пен қоса адамдардың айқай-шуы естіледі де кешікпей қолдарында қызыл жалау ұстаған екі-үш атты адам шыға келеді де артынан аса мол адамдар тобы көрінеді. Қоршаудағылар оны жау жағының алдамшы әрекеті болар деп бір мезет байқастайды.
Бірақ, көп кешікпей-ақ келе жатқандар Қызыл армияның атты және жаяу әскерлері екендігі айқын көрініп, жау жағы қоршауды тастап, өз алдарына қашып кетіп жатқаны да анық байқалады. Көмекке келген әскерлердің алды Хүрээге кіріп келгенде қоршаудағы Моңғол, Совет жауынгерлер көздерінен қуаныш жасы төгіліп ұран шақырып айқайласа, орыс әскерлер «Интернационал» әнін айтып, келгендермен құшақтасып абыр-сабыр, қуанышқа толы сәті басталып та кетеді. Осылайша 1921 жылы қазан айының 17-сі күні Тұлба көлі маңында Моңғол-Совет елінің біріккен партизан отряды жауынгерлерінің 42 тәулікке жалғасқан ерлік шайқасы 43 ШҰҒЫЛА жеңіспен аяқталады. Моңғолия мен Совет елінің біріккен партизан отряды жауынгерлерінің 1921-жылғы Тұлба көлі маңында ақтармен болған ерлік шайқасының жеңіс даңқын мәңгілік есте қалдыру мақсатымен МХРП-ның Орталық Комитеті Саяси бюросының 1956 жылғы қаулысымен Баян-Өлгий аймағының орталығы Өлгий қаласына ескерткіш құлпытас орнатылса, 1984 жылы Моңғол-Совет Достық қоғамы тұрғысынан Тұлба сұмыны орталығына Ц.Хасбаатар, К.К.Байкаловтардың мүсіні қойылған мұралық үлкен ескерткіш орнатылады. Моңғолия тарихына алтын әріппен жазылып қалтырылған.
Тұлба көл шайқасындағы Моңғол – Совет партизандар отрядының жеңісі, батыс өлкені ақтың басқыншыларынан азат етумен қабат 1921 жылғы халық революциясының жеңісін бекемдеген тарихи үлкен оқиға болған-ды. Тұлба көл шайқасының жеңісінің 100 жылдығына орай осы Тұлба көл шайқасы туралы “Толбо нуурын тулалдаан” атты тарихи кітап моңғол тілінде алғаш рет жазылып, 2021 жылы оқушы қауымға ұсынылған-ды.
Жүкей ШӘҢКІШБАЙҰЛЫ, Моңғолияға Еңбек сіңірген экономист.
2021.07.05