Моңғолия қазақтарының тілі мен мәдениетін қолдау одағының жанында “Жас журналистер” клубы құрылды.
Клубқа аймағымыздың барлық мектептерінен белсенді тілшілер қабылданып, бүгін аймақ орталығындағы тілшілерге балаларға арналған материалдарды қалай дайындайтындығы жөнінде шағын семинар ұйымдастырылды.