МЕКТЕПТЕРДІҢ МЕНЕЖМЕНТІН ЖАҚСАРТУҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕТІН ЖҰМЫС ТОБЫ БАЯН-ӨЛГИЙ АЙМАҒЫНА КЕЛЕДІ
Білім және ғылым министрлігі 2023 жылды білім беру мекемелерінің менежментін жақсарту жылы деп жариялаған. Осы мақсат аясында сапа және үлгерім деңгейі бойынша соңғы орындардан көрінген 82 мектеп арнайы таңдалып алынып, тәжірибелік уақыт ішінде менежменттік жұмыс тобы жұмыстайды.
Жергілікті жерге жұмыстайтын алғашқы жұмыс тобы Баян-Өлгий аймағына аттанды. Аталмыш менежменттік қолдау көрсету тобы 59 адамнан құралған. Моңғол еліне Еңбек сіңірген ұстаз Ц.Цолмонбаатар бастаған жұмыс тобы – Білім және ғылым министрлігіне қарасты ұйым-мекемелердің мамандары, Моңғолияның мемлекеттік педагогикалық универсиетінің ұстаздары мен студенттерінен құралған. Сонымен қатар, аймақтық Білім және ғылым басқармасы,аймақ, сұмын басшылығы, мектеп директорлары да бұл іске ат салысады.
2022 жылдың мамыр айында жасалған бағалау бойынша Баян-Өлгий аймағы мемлекеттік орташа деңгейден төмен нәтиже көрсеткен. Сондықтан, менжменттік қолдау көрсететін жұмыс тобы мұғалімдердің біліктілігі мен моңғол тілі бойынша білім деңгейлерін көтеру, қос тілде білім беру бағдарламасының жүзеге асуын жақсарту, 6 жастағы балалардың мектепке кіруіне жәрдем жасау, мұғалімдер мен техникалық жұмысшылардың тепе-теңдік қатынасын реттеу қатарлы бұған дейін министр тарапынан берілген тапсырмаларың орындалуы да осы жолы назарға алынады.
Менежменттік қолдау көрсететін жұмыс тобы – тексеру жасайтын жұмыс тобы емес дегенді осы орайда Л.Энх-Амгалан министр ескертіп отыр.