үй Әдебиет ИМАШХАН  БАЙБАТЫРҰЛЫ /1938-1998/

ИМАШХАН  БАЙБАТЫРҰЛЫ /1938-1998/

Ақын. Моңғолиядағы Баян-Өлгий аймағындағы Қызылтөбе мекенінде дүниеге келген /1938 ж./. Абай атындағы ҚазПИ-ді бітірген /1964 ж./. Моңғолия жазушылар одағының қазақ бөлімшесін басқарып /1964-1982 ж.ж./, әдеби «Шұғыла» журналының редакторы, Моңғол халық республикасының Министрлер кеңесі жанындағы цензураның аймақтық өкіл-редакторы /1982-1988 ж.ж/, орта мектепте мұғалым болып қызмет атқарған /1991-1992 ж.ж/. Атамекені Семей облысының Мекенші ауданына көшіп келді /1992 ж./. Мақаншы ауданында оқу бөлімінде оқу ісінің инспекторы болып қызмет атқарды. Көптеген еңбектердің авторы. «Ұстаз», «Телқоңыр», «Аққу үні», «Атыңнан айналайын», «Өз көзіммен», «Таңдайбай шешен», «Асау өзен», «Көңіл толқыны» т.с.с. 11 кітабі қазақ тілінде, «Домборын эгшиг», «Уул шиг болоорой», «Аянгат өдрүүд» т.с.с. 3 кітабы моңғол тілінде басылған 3 пьесасы сахнада қойлған. Шығармалары орыс, серб, болгар, мажар, буриат, алтай тілдеріне аударылған.

Моңғолия Жазушылар одағының сыйлығын алып /1970 ж./, Моңғол Халық Республикасының «Алтын жұлдыз» орденімен сыйланған /1989 ж./.