үй Мәдениет Әнші Ақмәди қақында

Әнші Ақмәди қақында

Жапанханұлы Ақмәди 1934 жылы Қытай елінің Шыңжан Алтай аймағы Шіңгіл ауданы Үш көл деген жерінде ұлы әкесі Базарқұл руының Үкірдайы Көбеш батырдың немересі болған Байқадам Үкірдайдың алғашқы немересі болып дүниеге келеді. Нағашысы Сарбас руын билеген Буратай тәйжінің баласы Қабдолда тәйжі болған. Балалық балғын шағын әкесі Жапанхан мен анасы Зұрханның қолында өткізді.

Ақмәди  1944-1954 жылдары бастауыш орта мектепті тәмәмдап, 1955 жылдан бастап Ақарал бастауыш мектебі, Баяннуур мектептерінде жұмыстады. 1959 жылы аймақ халқының ортасында жүрілген мәдени байқауда әншілік өнері мен ерекше көзге түсіп, бағаланған жас әнші 1959 жылы өнердің де өмірдің де шың белесіне көтерілді. 1960 жылы аймағымыз орнауының 20 жылдығына орай еліміз астанасында алғаш рет ұлтымыздың өнерлі,  ұл-қыздарымыздың өнерін шыңдаған өнер байқауының 10 күндігі жүрілді. Еліміз үкіметі, аймақ басшыларының бастауымен өткен осы өнер байқауы ұлтымыз бен аймағымызды елге танытып, өнерлерін өрге жетелеген қайталанбас кезең болды. Осы байқауда көптеген өнер тарландары туып шықты. Солардың бірі болып жас әнші Ақмәди өнерімен дараланды. Кеудесіне “Еңбек құрметі” медалін тақты. Аймағымыз театрында кәсіби әнші болып, көрерменнің зор ықыласына бөленді.  Ол кісінің сол кезде орындаған «Алқоңыр», «Ақбақай», «Ғайни», «Ақсұңқар», «Ақмаңдайлым», Біржан сал әндері халқымыздың көңілінде мәңгілік қалды. Ол дауыс қайталанбады. Жоғары орындардың жолдамасы мен 1960 жылы Кеңес Одағына консерваторияға жолдама алып, оқуға аттанды. 1965 жылы оқуын сәтті аяқтап, сол кездегі мәдениет министрлігінің нұсқауымен Ховд аймағының атқару әкімшілігінің мәдениет бөлімінің бастығына, 1967 жылдың соңында аймағымыз театрының хор драма мұғалімдігіне тағайындалды. 1968 -1977 жылға дейін МДТ-да жұмыстағанда көптеген күрделі драмалардың аймағымыз театрының сахнасында қойылуына сүбелі үлесін қосып, салмақты рольдерді сомдады.  Өнерге талпыныс жасаған жандардан көмегін аямады.  1977-1981 жылдары аймақтық мәдениет бөлімінде инспекторлық қызмет атқарды.Сұмындардағы клубтың іс қызметін кемелдендіруге күш жігерін жұмсады. Жұмыстаған жылдарында МДТ-ның бастығы болған  Қайынжамал апамыздың қол астында өнер майталмандарының барлығымен бірге еңбек етті. Сол кездері Қабыкей, Мүсәйіп, Қалидолда, Моңғолхан ағайлармен бірлесе отырып театр өркенін биікке көтеруге аянбай тер төкті. 1981 жылы аймақтық партия комитетінің арнайы тапсырмасымен қазақ мектептерінің ән оқулығын да жазды.  Денсаулығына байланысты 1982 жылдан өмірінің соңына дейін Баяннуур мектебінде музыка мұғалімі болып жұмыстады.  Алтайдан келген 50 үй атасы Байқадам елінің өз ауылынан Ақаң марқұмның немере бауыры Моңғолияның Еңбек сіңірген әртісі Шапай Құндынұлы және Зандыбай, Қалидин, әнші Құрман Ығизаұлы, Қақиқат Қасымбайұлы сынды өнер иелері туып шыққан еді.

Батырбек Дүрімханұлы