Моңғолиядағы 400-ге жуық бүркітшінің 80 пайызы 30-70 жас аралығында ерлер. Бұл ақпаратты Моңғолияның Қоршаған ортаны қорғау және туризм министрлігінің Мемлекеттік хатшысы айтып берді.
Моңғолия-Кувейт қоршаған ортаны қорғау орталығы мемлекеттік хазынадағы кәсіпорынға қарасты аумақта «Бүркітшілер фестивалі-2022» өтуде. Іс-шараға Баян-Өлгий аймағынан 10 бүркітші, Төв аймағынан 1 бүркітші қатысты.
Бүркітшілер мерекесін Германия, Түркия, Кувейт, Франция, Ресей, Польша, Корея Республикасы, АҚШ, Жапония, Қазақстан және Үндістанның Моңғолиядағы елшілері мен делегациялары арнайы тамашалады.
Моңғолияның Қоршаған ортаны қорғау және туризм министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Э.Баттулганың айтуынша, бүркітшілер көбінесе 1-7 бүркіт, кейде 50 ге жуық бүркітті асырап баптайды екен. Ел көлемінде 400 ге жуық бүркітші тіркелген. Олардың 80 пайзы 30-70 жас аралығындағы ерлер. Соңғы жылдары бүркітші қыздардың да саны артып келеді.
Дереккөз: Казньюс.мн