үй Біз туралы Біз туралы

Біз туралы

Моңғолия қазақтарының тілі мен мәдениетін қолдау одағы (әрмен қарай “қоғам”) 2021 жылы желтоқсан айында құрылды. Қоғамның іс-қызметінің басты бағыттары:

  1.  Моңғолия өкіметінің тіл, мәдениет жөніндегі заңнамалары мен қабылдаған шешімдерінің жүзеге асуына қолдау көрсету;
  2. Моңғолия қазақтарының тілін, мәдениетін сақтау, қорғау, насихаттау, дамыту, зерттеу;
  3. Этностардың тілі мен мәдениетін сақтау, қорғау, дамыту құқығы жөніндегі Халықаралық құқықтық актілер мен ұлттық заңнамалардың орындалуына көпшілікпен бірлесіп бақылау жасау болып табылады.

Қоғамның ең жоғарғы басқарушы органы “Басқару кеңесі”. Басқару кеңесі 11 адамнан құралады. Кеңес төрағасы Сәбет Насырұлы.

Қоғамның Басқару кеңесі қабылдаған шешімдерді жүзеге асыру, күнделікті іс-қызметін ұйымдастыру, ел ішінде және шетелдерде қоғамға өкілдік ету өкілеттігін Атқарушы директор атқарады. Қоғамның атқарушы директоры болып 2021 жылдан бері Нұрболат Өнерханұлы жұмыстап келеді.